Меркі: Мешіт имамы ауыл тұрғындарымен жүздесті

Меркі: Мешіт имамы ауыл тұрғындарымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрбол Кеңес ауыл тұрғындарымен арнайы кездесіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстары туралы кеңінен таныстырды. Кездесу барысында ҚМДБ-ның қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, рухани тәрбие беру және қайырымдылық  қызметтері жайлы айтылды.

Сонымен қатар, имам жамағатқа ҚМДБ-ның төрт негізгі бағыты бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту жұмыстары, дәстүр және отбасы, жат діни ағымдардан сақтандыру бағытындағы атқарылып жатқан істер түсіндірілді.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Жамағат мұндай тағылымды кездесулердің берері мол екенін айтып, алғыстарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: