Меркі: Қабір басы тазаланды

Меркі: Қабір басы тазаланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ежелден келе жатқан дәстүрге сай үлкенді сыйлап, кішіге ізет, өткенге құрмет көрсетіп келген халықпыз.Осыған орай, Меркі ауданына қарасты аудан-ауыл имамдары мен тұрғындары бір кісідей зират басын тазалап, сенбілік өткізді.

Игі іс-шараға мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары ақсақалдардан бастап, жасөспірімдерге дейін белсене атсалысты.Барша халық бір кісідей атсалысып зират басын тазалап, ағаштар отырғызылып, сенбілік өткізілді.

Қабір басын тазалаған соң дастархан жайылып, ауыл имамдары марқұмдарға Құран оқып, дұға жасады.

Осы игі іске атсалысқан барша тұрғындарға ақ дастархан жайылып, ас берілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: