Қордай: Қонақтарға арнайы ас берілді

Қордай: Қонақтарға арнайы ас берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде Республикалық «Қарилық орталықтар» арасында өткен «Құран жарысына» қатысушылар мен қонақтарға арнайы қонақасы ұйымдастырылды.

Жарыс күндері келген қарилар мен қонақтарға таңғы ас, түскі ас және кешкі ас тұрақты түрде беріліп, кең әрі дарқан дастархан жайылды. Мешіт ұжымы мен жамағат тарапынан қонақтарға ерекше құрмет көрсетіліп, олардың жарысқа алаңсыз қатысуына барлық жағдай жасалды.

Дастархан басында қасиетті Құранның маңызы, оны үйрену мен насихаттаудың сауабы жайлы тағылымды насихат  айтылып, ел амандығы мен бірлігі үшін дұғалар жасалды. Сонымен қатар, мұндай рухани шаралар бауырмалдық пен ынтымақты арттырып, жастардың Құранға деген сүйіспеншілігін күшейтетіні атап өтілді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: