Қордай ауданы, Қақпатас ауылы «Қақпатас» мешітінің имамы Жармахамбет Танаубайұлының ұйымдастыруымен мешіт ауласына кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шара барысында мешіт ауласы қоқыстардан тазартылып, шөптер орылып, ағаш түптері әктеліп, айналасы толықтай ретке келтірілді. Сонымен қатар, аула сыпырылып, мешіт маңы мен жол жиегі тазаланып, көркейту жұмыстары атқарылды. Тазалық жұмыстарына мешіт жамағаты, ауыл ақсақалдары мен жастар белсенді қатысып, ортақ іске жұмыла атсалысты.
Жиналғандар тазалық – иманның жартысы екенін айтып, мұндай шаралардың қоғамға берер тәрбиелік мәні зор екенін жеткізді. Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, ауылдың тазалығы мен көркеюіне әрбір тұрғын үлес қосуы қажеттігін атап өтті.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Мамыр 2026
11 Зуль-хиджа 1447

