#Шу: «Төле би» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

#Шу: «Төле би» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Төле би» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңке барысында түрлі тағамдар мен қолдан әзірленген тәттілер ұсынылып, жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарына бағытталды. Шараға мешіт ұстаздары мен шәкірттер белсенді қатысып, сауапты іске өз үлестерін қосты.

Ұйымдастырушылар мұндай игі шаралар қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, қайырымдылық мәдениетін дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: