«Мойынқұм» мешітінде күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма намазында жамағатқа насихат айтылып, «Отбасылық құндылық» тақырыбы кеңінен түсіндірілді. Уағызды бас имам Ержан Көшкімбай жүргізіп, отбасының қоғамдағы орны, ата-анаға құрмет, ер мен әйелдің жауапкершілігі жайында тағылымды әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен мысалдар келтіріліп, отбасы мүшелеріне мейіріммен қарау, сабыр мен сыйластықтың маңыздылығы насихатталды. Жамағатқа мұсылман отбасының берекесі мен тәрбиенің ұрпақ болашағындағы рөлі туралы айтылды.
Жұма уағызына қатысқан жамағат рухани әсер алып, имамның насихатын ықыласпен тыңдап, намазда бір сап түзеді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



28 Мамыр 2026
11 Зуль-хиджа 1447

