#Шу: "Мұхаммед Пайғанбардың өмірі" кітабының 1-2 томы уақып етілді

#Шу: "Мұхаммед Пайғанбардың өмірі" кітабының 1-2 томы уақып етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында игі бастама аясында аудан мешіттеріне діни-танымдық кітаптар сыйға тартылды. Демеушінің қолдауымен «Сира. Мұхаммед Пайғанбардың өмірі» кітабының 1 және 2 томдары Шу ауданындағы барлық 28 мешітке уақып етілді.

Аталған кітаптар мұсылман қауымының рухани білімін арттырып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмір жолын, көркем мінезі мен өнегелі ғұмырын кеңінен таныстыруға бағытталған. Бұл еңбек мешіт жамағатына, жастарға және діни білім ізденушілерге мол рухани азық болмақ.

Шара барысында бас имам демеушіге алғыс білдіріп, мұндай сауапты істердің қоғамның рухани дамуына үлкен үлес қосатынын атап өтті. Игі іске ұйытқы болған азаматка Алла разы болсын дейміз.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: