#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ӘЛ-ХАҚ» МЕШІТІ ЖӨНДЕЛУДЕ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ӘЛ-ХАҚ» МЕШІТІ ЖӨНДЕЛУДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылы «Әл-Хақ» мешітінің имамы Сабырханов Үмбеттің ұйытқы болуымен мешіт сыртына күрделі жөндеу жұмысы басталды. Біраз жыл халыққа қызмет қылған Алла үйі ескіріп, жөндеуді талап етіп тұрғандығын байқаған ауыл имамы жазғы жылы уақытты пайдаланып, күзге дейін жөндеу жұмысын толық аяқтауды жоспарлап отыр.

          Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 18-аятында: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі тұрғызады. Міне, солар тура жолдан таймай, мұраттарына жетуге үміт ете алады», – деп айтқан.

Аталмыш аяттағы «кісі тұрғызады» сөзіне қатысты ғалымдар түрлі көзқарас білдірген. Бірі бұл сөзді: «мешітте болу, мүмкіндігінше мешітте көп уақыт өткізу» дегенді білдіретінін айтса, енді бір көзқараста мешіттің ғимаратын тұрғызу, оны жөндеу, мұсылмандарға қызмет етіп тұруына жағдай жасау екендігі айтылған.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: