Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылындағы «Сахаба» мешітінің имамы Серік Рахимбаевтың ұйымдастыруымен ауыл зираты аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі шараға мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, қорым маңын күл-қоқыстан тазарту, шөптерін ору және айналаны ретке келтіру жұмыстарын атқарды.
Шара барысында имам тазалық – ислам дінінің маңызды қағидаларының бірі екенін айтып, ата-баба жатқан жерді күтіп ұстау әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті. Сонымен қатар, жамағатты қоршаған ортаны таза ұстауға, қоғамдық орындарға жанашырлықпен қарауға шақырды.
Тазалық жұмыстары ауыл тұрғындарының бірлігі мен ұйымшылдығын арттырып, көпшілікке өнегелі іс болды. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны айтылды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


28 Мамыр 2026
11 Зуль-хиджа 1447

