Қордай: «Қақпатас» мешіті имамы Жеңіс күні ардагерлерді еске алды

Қордай: «Қақпатас» мешіті имамы Жеңіс күні ардагерлерді еске алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қақпатас ауылындағы «Қақпатас» мешітінің имамы Жармахамбет Танаубайұлының қатысуымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған тағылымды шара өтті.

Іс-шара барысында майдангер   аталардың ерлігі мен ел қорғаудағы жанқиярлық еңбегі кеңінен насихатталып, олардың есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталуы керектігі айтылды. Ауыл ақсақалдары мен жамағат ардагерлердің өнегелі өмір жолын еске алып, бейбіт күннің қадір-қасиеті туралы ой бөлісті. Шара аясында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және өмірден өткен ардагерлердің рухына Құран бағышталып, арнайы дұға жасалды.

Имам Жармахамбет Танаубайұлы отансүйгіштік, елге қызмет ету және бірлік сынды құндылықтарды сақтау – әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті. Жиын соңында жамағат ел амандығы, тыныштық пен берекелі өмір тілеп, марқұм болған ардагерлер рухына тағзым етті.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: