Қордай ауданына қарасты Аухатты, Сортөбе, Масаншы және Қарасу ауылдарындағы мешіттерде асыр намазынан кейін арнайы Жамбыл облысынан келген діни ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен уағыз-насихат жұмыстары өткізілді.
Насихат барысында жамағатқа имандылық, бірлік пен татулық, дін мен дәстүр сабақтастығы, сондай-ақ жастар тәрбиесі жайында тағылымды әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, жат діни ағымдардан сақтану және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Іс-шараға «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Ембергенов Амангелді, «Айсұлу ана» мешітінің имамы Сейдикаримов Сәкен және «Һибатулла Тарази» медресесінің аға ұстазы Тастанбеков Дархан қатысып, жамағатқа насихат айтты.
Уағыз-насихат жұмыстары Аухатты ауылындағы «Нұр-Ислам», Сортөбе ауылындағы «Ал-Қадим» және Масаншы ауылындағы «Абу Бекер» мешіттерінде жүргізілді. Баршамызға пайдалы білім,қабыл болатын дұға мен амал нәсіп етсін Аллаһым!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Мамыр 2026
11 Зуль-хиджа 1447

