Қордай: «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы «Рахман» мешітінде жұма намазына насихат айтты

Қордай: «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы «Рахман» мешітінде жұма намазына насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешітінде қасиетті жұма намазы оқылып, жамағатқа уағыз-насихат айтылды. Жұма намазына уағыз-насихатты «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат жүргізді.

Уағыз барысында мұсылман қауымын бірлікке, ауызбіршілікке, сабыр мен тақуалыққа шақырып, жұма күнінің мұсылман өміріндегі маңызына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, жамағатқа «Отанды сүю имамнан» тақырыбында, қоғамдағы татулық пен адамгершілік құндылықтарын сақтау жайында тағылымды насихат айтылды.

Ұстаз өз сөзінде әрбір мұсылманның көркем мінезді болып, қоғам игілігі үшін еңбек етуі маңызды екенін жеткізді. Жұма намазына жиналған жамағат уағыздан рухани әсер алып, ел тыныштығы мен жұрт амандығы үшін дұға жасады. Алла Тағала баршамызға Алланы шынайы тануды, Отанды сүюді нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)