Қордай: Сортөбе, Масаншы, Аухатты ауылдарында жұма намазында насихат айтылды

Қордай: Сортөбе, Масаншы, Аухатты ауылдарында жұма намазында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты Сортөбе, Масаншы және Аухатты ауылдарындағы мешіттерде жұма намазына арнайы Жамбыл облысынан келген діни ақпараттық-түсіндіру тобы уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Насихаттың негізгі тақырыбы: «Отанды сүю – иманнан» болды.

Масаншы ауылындағы «Имам ағзам», «Мухаммед Аюб Биянху», «Ал-Құддыс», «Аһл-Сүннет» мешіттерінде, Сортөбе ауылындағы «Дін ислам», «Сөртөбе», «Али Муртаза», «Хамид бин Бадый» мешіттерінде және Аухатты ауылындағы «Нұр-Ислам», «Омар Фарух», «Мисбахул ислам» мешіттерінде жамағатқа тағылымды уағыздар айтылды. Кездесу барысында дін мен дәстүр сабақтастығы, ел бірлігі мен татулық, Отанға деген сүйіспеншілік және қоғамдағы тұрақтылықтың маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жастарды жат ағымдардан сақтандыру, рухани тәрбие беру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері де қозғалды.

Іс-шараға Тараз қаласының бас имамы Аманбаев Ержан, Жуалы ауданының бас имамы Таласбаев Есет, Байзақ ауданының бас имамы Жұмағұл Қанат, Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Тузелбеков Қуаныш, Жамбыл ауданының бас имамы Құттыбаев Даурен, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Сейтқали Абдіқадыр, «Һибатулла Тарази» медресесінің аға ұстаздары Боханов Ерболат, Карымсаков Данияр, Тастанбеков Дархан, «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Ембергенов Амангелді және «Айсұлу ана» мешітінің имамы Сейдикаримов Сәкен қатысты. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, көпшілік рухани әсер алды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: