Қордай: Бұлар батыр ауылында «Бұлар батыр» мешітінде иман шарттары жайлы пәтуа сағаты өтті

Қордай: Бұлар батыр ауылында «Бұлар батыр» мешітінде иман шарттары жайлы пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұлар батыр ауылындағы «Бұлар батыр» мешітінде жамағатқа арналған «Иманның шарттары» тақырыбында пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Рухани кездесуге ауыл ақсақалдары, мешіт жамағаты мен жастар қатысып, исламдағы сенім негіздері жөнінде тағылымды уағыз тыңдады.

Кездесу барысында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының бас имамы Кұттыбаев Дәурен Нұржанұлы иманның мұсылман өміріндегі орны мен маңызына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі таңда жастардың діни сауатын арттыру, жат ағымдардың ықпалынан сақтану және ата-баба жолымен сабақтас дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңызы жөнінде насихат жүргізілді. Жамағатқа бірлік пен татулықты сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді ұлттық тәрбиемен үндес қасиеттер де кеңінен айтылды. 

Пәтуа сағаты барысында қатысушылар тарапынан қойылған діни сұрақтарға жауап беріліп, күнделікті құлшылық, имандылық және қоғамдағы рухани тәрбие төңірегінде пайдалы мәліметтер ұсынылды. Жиын соңында мешіт жамағаты осындай рухани кездесулердің тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: