Қордай ауданы, Аухатты ауылы «Омар Фарух» мешітінде жамағатқа «Уақыптың әдебі және сауабы» тақырыбында насихат айтылды. Іс-шараны Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының бас имамы Құттыбаев Даурен Нұржанұлы жүргізіп, уақыптың исламдағы орны мен оның қоғамға тигізер пайдасы жөнінде кеңінен баяндады.
Насихат барысында уақыптың мұсылман қоғамындағы береке мен бірлікті нығайтатын сауапты амалдардың бірі екені айтылып, ата-бабаларымыздың мешіт, медресе және әлеуметтік нысандар салуда уақып дәстүрін кеңінен қолданғаны тілге тиек етілді. Сонымен қатар, Алла разылығы үшін жасалған әрбір игі істің адамға екі дүниеде де пайдасы мол екені түсіндірілді.
Кездесу соңында жамағатқа қайырымдылық жасаудың маңызы, мұқтаж жандарға қол ұшын беру, қоғам игілігіне қызмет етудің артықшылығы жөнінде насихат айтылып, көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді. Алла Тағала қабыл алған ізгі амалдарымыз мол болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



15 Мамыр 2026
28 Зуль-каада 1447

