Қордай ауданы, Сортөбе ауылы Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге 20-ға жуық тұрғын қатысты. Іс-шараға Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Талтакова, Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы және арнайы қонақ ретінде Байзақ ауданының бас имамы Жұмағұл Қанат қатысты.
Кездесу барысында қоғамдағы тұрақтылық, діни сауаттылық, жастар тәрбиесі және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен айтылды. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы пікір алмасу өтті. Жиын соңында ел бірлігі мен татулығын сақтау – баршаға ортақ міндет екені атап өтілді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



15 Мамыр 2026
28 Зуль-каада 1447

