Масаншы ауылы Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге 20-ға жуық тұрғын қатысты. Іс-шараға Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Талтакова, Қордай ауданы «Қордай ауылдық» мешітінің қызметкері Бекзат Жұмабайұлы қатысып, қоғамдағы бірлік, діни тұрақтылық, жастар тәрбиесі және дәстүрлі рухани құндылықтар төңірегінде ой бөлісті.
Сонымен қатар, кездесудің қонағы ретінде «Әулие ата» мешітінің имамы Ержан Аманбаев қатысып, жамағатқа ынтымақ пен татулықтың маңызы жайлы насихат айтты. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы пікір алмасу алаңы қалыптасты. Еліміз діни сауатты, иманы берік болсын! Әлемде халықтар бейбіт өмір кешсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



15 Мамыр 2026
28 Зуль-каада 1447

