Қордай ауданы, Қордай ауылындағы аудандық «Қордай» мешітінде жұма намазында Жамбыл облысының наиб имамы Бахтияр Амиреев насихат айтты. Уағыз барысында ислам дініндегі ынтымақ пен бірліктің маңызы, мұсылманның қоғамдағы жауапкершілігі және рухани тәрбиенің рөлі кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Отанды сүю – иманнан» тақырыбы жан-жақты насихатталды. Жұма намазына қатысқан мешіт жамағаты рухани әсер алып, ел тыныштығы мен халық амандығы үшін дұға жасады.
Жиын соңында жамағат уағыздың мазмұнды әрі пайдалы болғанын атап өтіп, алғыстарын білдірді. Жұма күні жасаған дұға тілектер қабыл болсын. Еліміз жұртымыз аман болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



15 Мамыр 2026
28 Зуль-каада 1447

