Қордай: Аухатты ауылы Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

Қордай: Аухатты ауылы Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Аухатты ауылы тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қордай ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен Аухатты ауылы Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

Жиынның мақсаты – тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдағы діни тұрақтылық пен бірлікті нығайту болды. Кездесуге Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Талтакова,  Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы және Жамбыл ауданының бас имамы Құттыбаев Дәурен қатысты.

Жиын барысында дәстүрлі діннің маңызы, жастар тәрбиесі, діни экстремизм мен теріс ағымдардың алдын алу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ тұрғындарға қоғамдағы татулық пен ынтымақты сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында насихат айтылып, көкейдегі сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында ауыл тұрғындары ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, мұндай тағылымды басқосулардың маңыздылығын атап өтті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: