Қордай ауылындағы «Қордай ауданының орталық ауруханасында» денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметкерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге жалпы саны 30 адам қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау және жат діни ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Кездесуге Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Талтакова, «Қордай» ауданының бас имамы Азамат Берікұлы қатысты.
Сонымен қатар, жиынға арнайы қонақ ретінде Жамбыл облысының наиб имамы Бақтияр Амиреев қатысып, дін мен дәстүр сабақтастығы, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың маңызы жайында тағылымды насихат айтты. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни сауаттылықты арттыру бағытында пайдалы мәліметтер ұсынылды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



15 Мамыр 2026
28 Зуль-каада 1447

