Қордай ауданы, Аухатты ауылы «Абу Бекер» мешітінде жамағатқа, Матуруди ақидасы бойынша арнайы пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Рухани басқосуда ислам дініндегі сенім мәселелері кеңінен түсіндіріліп, әһли сүннет уәл жамағат жолындағы Имам Матуриди мектебінің ерекшеліктері баяндалды.
Іс-шараны «Һибатулла Тарази» медресесінің аға ұстазы Тастанбеков Дархан жүргізді. Кездесу барысында қатысушыларға дәстүрлі діни танымның қоғамдағы орны, жастар тәрбиесіндегі маңызы және жат ағымдардың алдын алудағы дұрыс ақиданың рөлі жөнінде насихат айтылды. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған діни сауалдарға Құран мен сүннет негізінде жауап беріліп, пайдалы мәліметтер ұсынылды.
Пәтуа сағатының негізгі мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу және бірлік пен ынтымақты нығайту. Шара соңында жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, осындай тағылымды кездесулердің жиі өтуіне тілектестік танытты.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі.



15 Мамыр 2026
28 Зуль-каада 1447

