Тазалық – тәрбиенің көрсеткіші. Мұсылман баласы мешітте ғана емес, кез келген уақытта таза жүріп, айналасына жанашырлықпен қарауы тиіс. Қоғамдағы қоқыс пен ластық – тек санитарлық мәселе емес, рухани мәдениеттің де айнасы.
Сондықтан әрбір адам қоғамдық орындарды таза ұстап, өзінен кейін жақсы із қалдыруды ұмытпағаны жөн. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Нағыз мұсылман – өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам», – деп, мұсылманның көркем мінезі мен жауапкершілігін айқындап берген.
Осы орайда Қордай ауданы, Қарасу ауылындағы «Ал-Хади» мешітінде мешіт имамы Русланбек Сағынұлының ұйымдастыруымен жамағат қатысқан сенбілік жұмыстары өткізілді. Сенбілік барысында мешіт ауласы мен айналасы тазартылып, ретке келтірілді. Игі іске атсалысқан барша жамағатқа Алла Тағала разы болғай!
Аудандық «Қордай» мешітібаспасөз қызметі


15 Мамыр 2026
28 Зуль-каада 1447

