Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің үмбетін мешітке ерте баруға шақырған. Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер адамдар азан айту мен бірінші сапта намаз оқудың сауабын білсе, сол сауапқа жету үшін таласты тек жеребе тастаумен ғана шешуге болатын болса, жеребе тастар еді.
Егер мешітке ерте барудың сауабын білсе, онда оған жету үшін жарысар еді. Ал егер құптан мен таң намазында қандай сауаптың бар екенін білген болса, онда оған еңбектеп болса да келер еді», – деген.
Қордай ауданы, Арал ауылындағы «Арал» мешітінде «Рахман» мешітінің имамы Нұрмұхамед Сәбитұлының қатысуымен «Жамағат намазының абзалдығы» тақырыбында уағыз-насихат айтылды. Насихат барысында жамағатпен бірге намаз оқудың артықшылығы, мешіттің қоғамдағы орны, мұсылманның бірлігі мен бауырмалдығы жайында кеңінен сөз қозғалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


15 Мамыр 2026
28 Зуль-каада 1447

