Әбу Сағид әл-Худриден (оған Алла разы болсын) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Сендер өздеріңнен бұрынғылардың жолдарымен қарыстап, шынтақтап еретін боласыңдар. Тіпті олар кесірткенің ініне кіріп кетсе, сендер де оған кіретін боласыңдар», – дейді.
Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Олар яһудилер мен христиандар ма?» – деп сұрағанда, Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Басқа кім болсын?» – деп жауап берген. Осы орайда Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер 2» мешітінде аудандық ұстаздардың қатысуымен кезекті семинар ұйымдастырылды. Семинардың тақырыбы: «Дін мен дәстүр сабақтастығы». Жиын барысында ұлттық құндылықтар мен ислам дінінің үндестігі, салт-дәстүрдің тәрбиелік маңызы, қоғамдағы рухани тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды.
Семинарға қатысқан ұстаздар: Эльмира Аманқожақызы, Айгүл Жолдасқызы, Малика Аханқызы, Әдеміай Бахиқызы. Баршамызға Алла Тағала екі дүниемізге пайдалы білім нәсіп етіп, рухани бірлігімізді арттырғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



14 Мамыр 2026
27 Зуль-каада 1447

