ҚОРДАЙДА ҚАРИЛАР ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

ҚОРДАЙДА ҚАРИЛАР ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша қарилар дайындау орталықтары арасында республикалық деңгейдегі байқау ұйымдастырылды. Рухани шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, жиналғандар тағылымды сәтке куә болды.

Салтанатты ашылу рәсімінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, Құран жаттаудың артықшылығы мен оның мұсылман өміріндегі маңызын атап өтті. Ол қарилардың еңбегін жоғары бағалап, Құран қызметінің жауапкершілігі мен абыройы туралы насихат айтты.

Байқаудың әділқазылар алқасы құрамында ҚМДБ Құран секторының басшысы Серік Ахмет, «Хусамуддин ас-Сығанақи» атындағы ислам институты Құран ижаза бөлімінің меңгерушісі Теміржан Мұратов және Жамбыл облысы Құран секторының жетекшісі Бірлік Жанарбекұлы болды. Қазылар қатысушылардың тәжуид ережелерін сақтауын, дауыс мақамын, жаттау сапасын және көркем оқу мәнерін бағалады.

Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

10 пара бойынша:
1-орын — Жүнісәлі Абдулла Махсатұлы (Әз Тәукехан)
2-орын — Салим Маликұлы (Қордай)
3-орын — Абдумажид Саиджанұлы (Әл-Итқани)

20 пара бойынша:
1-орын — Хамза Мухармейұлы (Қордай)
2-орын — Бақберген Әділбекұлы (Ықылас)
3-орын — Муслим Хакимжанұлы (Әл-Итаки)

30 пара бойынша:
1-орын — Абдулбасит Двумарұлы (Қордай)
2-орын — Мухиддин Имоладинұлы (Атбасар)
3-орын — Ермұрат Аятжан (Балаби)

Мәнерлеп оқу бойынша:
1-орын — Абисов Абдулла (Әл-Итақани)
2-орын — Нұрболұлы Наурыз (Көктөбе)
3-орын — Азаматұлы Юсуф (Әз Тәукехан)

Жүлдегерлерге байқау ережесіне сәйкес қаржылай сыйақылар мен арнайы марапаттар табысталды. Жарыс жеңімпаздары мен барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары беріліп, олардың еңбегі жоғары бағаланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқаудың басты мақсаты – шәкірттердің білімін шыңдау, Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру және қарилардың рухани деңгейін көтеру. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Аталған байқау жас қарилардың білімін шыңдап, Құранға деген сүйіспеншілігін арттырған тағылымды рухани шара ретінде өтті.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: