Әжелер тәрбиесі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, мейірім мен даналыққа негізделген ұлттық тәрбие мектебі. Ол бала бойына адамгершілік қасиеттерді, салт-дәстүр мен әдепті, тіл мен дін құндылықтарын сіңіріп, ұлт тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған.
Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер 2» мешітінде әжелер алқасы мүшелеріне арналған бөлменің ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсіміне аудандық әжелер алқасының төрайымы Жұмагүл Бабикенова, аудан орталығының ұстазы Эльмира Аманқожақызы және Қаракемер ауылының әжелер алқасы қатысты. Іс-шара барысында ақ жаулықты әжелер ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен отбасы берекесі жайында тағылымды әңгімелер айтып, ақ баталарын берді.
Ашылу салтанатынан кейін ұлттық дастархан жайылып, Құран бағышталып, дұға-тілектер жасалды. Қонақтар ұлттық тағамдар мен сусындардан ауыз тиіп, ізгі тілектерін білдірді. Тағылымы мол, өнегелі әжелеріміз көп болсын! Ұрпағымыз иманды, ибалы, тәрбиелі болып өссін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



14 Мамыр 2026
27 Зуль-каада 1447

