Қордай: Әйел жамағатына дастархан басында насихат айтылды

Қордай: Әйел жамағатына дастархан басында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне білімнің маңызын ұқтырып: «Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді», – деген. Ал қасиетті Құранда: «Білетіндер мен білмейтіндердің терезесі тең бе?» – деп айтылған. Білім алу — адамның ой-өрісін кеңейтіп, ақыл-парасатын арттыратын, рухани әрі дүниеуи тұрғыдан жетілдіретін баға жетпес қазына. Ол адамды сабырлылыққа, адамгершілікке, адал еңбекке тәрбиелеп, қоғамның дамуына үлес қосуға жетелейді.

Қордай ауданы, Қаракемер ауылында әйел-қыздар жамағатына арналған ақ дастархан басындағы рухани насихат кеші өтті. Жиын барысында аудан ұстаздары Эльмира Аманқожақызы, Айгүл Жолдасқызы, Малика Аханқызы және Әдеміай Бахиқызы әйел адамның қоғамдағы орны, отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, ата-ана ақысы жайлы тағылымды насихаттар айтты.

Кездесу барысында жамағат рухани әсер алып, өзара пікір алмасып, пайдалы мәліметтермен сусындады. Осындай игі басқосулар берекелі де тағылымды болғай. Алланың амандығы барша адамзатқа болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: