Тазалық – имандылықтың көрінісі. Ислам діні тек құлшылық пен жеке бастың тазалығына ғана емес, қоршаған ортаның тазалығы мен қоғамдық тәртіпке де ерекше мән береді. Себебі Ислам – тазалыққа үндейтін асыл дін. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жолдағы зиянды нәрсені алып тастау – садақа», – деп, айналаны таза ұстаудың сауапты іс екенін жеткізген. Осыған орай Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы «Омар» мешітінде мешіт имамы Лиров Ибрагимнің ұйымдастыруымен сенбілік жұмыстары өткізілді.
Сенбілік барысында мешіт ауласы тазартылып, айнала ретке келтірілді. Игі іске атсалысып, көмек көрсеткен жамағатқа алғыс айтылды. Алла Тағала баршамызға екі дүниенің бақытын нәсіп еткей!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



14 Мамыр 2026
27 Зуль-каада 1447

