ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «УАҚЫТТЫҢ ҚАДІРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТТЫ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «УАҚЫТТЫҢ ҚАДІРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауданына жасаған сапары барысында Қордай аудандық мешітінің жамағатымен кездесті.

Бас имам жамағатқа «Уақыттың қадірі» тақырыбында тағылымды уағыз айтып, мұсылман өміріндегі уақыттың маңызына тоқталды. Ол уақытты тиімді пайдалану, босқа өткізбеу, әр сәтті ізгі амалмен көркемдеу – мұсылманның маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, білім алу, құлшылық пен пайдалы істерге уақыт бөлу қажеттігі жөнінде насихат жүргізді.

Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, рухани мазмұндағы пікір алмасу өтті. Жиын жылы әрі тағылымды жағдайда аяқталды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: