«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат Қордай ауданына жасаған сапары барысында Қордай орталық мешітінде жастармен кездесті.
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен басқосуда наиб имам Отанға деген сүйіспеншілік, елге қызмет ету, бейбітшілікті қадірлеу және ата-бабалар ерлігін ұмытпау тақырыптарында тағылымды насихат айтты. Сондай-ақ, жастарды елдің дамуына үлес қосуға, білім алып, пайдалы азамат болуға шақырды.
Жиын барысында еркін пікір алмасу өтіп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу ел бірлігі мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды басқосу болды.



14 Мамыр 2026
27 Зуль-каада 1447

