Мойынқұм ауданына қарасты Айтбай Назарбек ауылындағы «Жәннәт» мешітіне жаңа молда тағайындалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұйрығына сәйкес, мешіт молдасы қызметіне Сұлтаналиев Айтбек Мықтыбекұлы бекітілді.
Жаңа дін маманың жамағатқа ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай арнайы таныстырып, мешіттің рухани тәрбие мен бірліктің ордасы екеніне тоқталып, жаңа қызмет иесіне жауапты міндет жүктеліп отырғанын атап өтті.
Жамағат сәттілік тілеп, алдағы қызметіне ақ баталарын берді. Осындай игі бастамалар ауылдың рухани өмірін жандандырып, ел бірлігі мен діни сауаттылықтың артуына оң ықпал ететіні сөзсіз.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Мамыр 2026
27 Зуль-каада 1447

