#Мойынқұм: Жеңіс күні қарсаныңда ардагерлер рухына Құран бағышталды

#Мойынқұм: Жеңіс күні қарсаныңда ардагерлер рухына Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Мойынқұм ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына Құран бағышталды. Тағылымды шараға ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай майдан даласында ерлік көрсеткен батырлардың рухына арнайы дұға жасады.

Рухани басқосуда ел қорғаған ардагерлердің жанқияр ерлігі мен Отан алдындағы адал қызметі кеңінен айтылып, олардың есімі халық жадында мәңгі сақталатыны атап өтілді. Сонымен қатар, жамағатпен бірге Құран оқылып, өмірден өткен соғыс ардагерлерінің рухына бағышталды.

Аудан бас имамы Ержан Көшкімбай өз сөзінде бейбіт өмірдің қадірін бағалап, ел бірлігі мен татулықты сақтау – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екенін жеткізді. Сондай-ақ, жастарды отансүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге және тарихты ұмытпауға шақырды.

Мойынқұм ауданының «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: