ҚОРДАЙ ИМАМДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ҚОРДАЙ ИМАМДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының имамдарына арналған 2 күндік біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылды. Шара барысында фиқһ және ақида пәндері бойынша тағылымды дәрістер жүргізіліп, дін қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған маңызды тақырыптар қамтылды.

Семинарды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы ашып, дін мамандарының жан-жақты білімді болуының маңыздылығына тоқталды. Ол имамның тек діни ғана емес, қоғамға бағыт-бағдар беретін тұлға екенін атап өтіп, білім мен жауапкершіліктің маңызына ерекше назар аударды.

Дәрістерді «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Жарбол Болатұлы, сондай-ақ «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамдары Бахтияр Амиреев, Нұрлан Мұрат және Әбдіқадір Сейтқали жүргізді. Мамандар фиқһ пен ақида саласындағы өзекті мәселелерді түсіндіріп, тәжірибелік бағытта мәліметтер берді.

Семинар соңында қатысқан барлық имамдарға арнайы сертификаттар табысталды. Бұл шара өңір имамдарының білімін жетілдіруге және діни қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: