Ал білім алған адамның дәрежесі жоғары болатындығы жайында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, дінді терең білуді нәсіп етеді», – деген. Алла Тағала бір құлына білім нәсіп етсе, сол берілген ілім үшін сұралады.
Бұл жайында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қалай өткізгендігі, жастық шағын қайда жұмсағандығы, дүние-мүлкін қандай жолмен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша орнынан тапжылмайды», – деген хадисі бар. Осы орайда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде имамдарға арналған екі күндік семинар басталды.
Семинар барысында Жамбыл облысының наиб имамы Амиреев Бахтияр ақида пәнінен дәріс оқыса, «Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат фиқһ сабағынан дәріс жүргізді. Сонымен қатар, қатысушыларға концептуалды құжаттарды таныстыру жұмыстары жүргізілді. Алла Тағала алған білімімізді пайдалы, атқарып жүрген қызметімізді берекелі етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



13 Мамыр 2026
26 Зуль-каада 1447

