Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадистерінде мұсылман үмбетін білім алуға ынталандырған. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Кімде-кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған жәннатқа барар жолды жеңілдетеді. Періштелер білім алушының талабына разы болып, оған құрмет ретінде қанаттарын жаяды. Аспандар мен жердегі барлық жаратылыс, тіпті судағы балықтар да шынайы ғалым үшін Алладан жарылқау тілейді.
Ғалымның білімсіз құлшылық етушіден артықшылығы толған айдың өзге жұлдыздардан артықшылығы секілді. Расында, ғалымдар – пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар динар мен дирхам емес, ілім мұра етіп қалдырған. Кім сол ілімнен үлес алса, мол несібеге кенеледі», – деген.Осыған орай Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» имамдарға арналған семинар басталды.
Семинар барысында «Һибатулла Тарази» медресесінің аға ұстазы Боханов Ерболат ақида пәнінен дәріс оқыды. Сонымен қатар, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Әбдіқадір Сейтқали фиқһ сабағын жүргізіп, концептуалды құжаттарды таныстырды. Алла Тағала алған білімімізді пайдалы, қызметімізді берекелі етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



13 Мамыр 2026
26 Зуль-каада 1447

