Шу ауданына қарасты №38 спорт мектебінде «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Жиынға Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев қатысып, мектеп қызметкерлерімен мазмұнды сұхбат құрды.
Кездесу барысында имам ұлттық құндылықтарды сақтау, дәстүр мен діннің сабақтастығы, сондай-ақ адал еңбек етудің маңызы туралы кеңінен тоқталды. Жиын еркін форматта өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Кездесу соңында мектеп ұжымы мұндай тағылымды басқосулардың маңыздылығын атап өтіп, алғыстарын білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Мамыр 2026
26 Зуль-каада 1447

