#Шу: «Бірлік» мешітінің ауласына тас төсеніш төселді

#Шу: «Бірлік» мешітінің ауласына тас төсеніш төселді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты «Бірлік» мешітінің ауласын абаттандыру мақсатында мешіт аумағына тас төсеніш (брусчатка) төсеу жұмыстары жүргізілді. Игі іске жамағат пен демеуші азаматтар қолдау білдіріп, жалпы көлемі 2,5 миллион теңге қаражат жұмсалды.

Аталған жұмыстар мешітке келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталды. Нәтижесінде мешіт ауласының келбеті жаңарып, тұрғындар үшін таза әрі жайлы орта қалыптасты.

Мешіт жамағаты сауапты іске үлес қосқан азаматтарға алғыстарын білдіріп, ел игілігі жолындағы игі бастамалардың жалғасын табуына тілектестік танытты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: