БАЙЗАҚ: ТҮМЕКЕНТТЕ АС БЕРІЛДІ

БАЙЗАҚ: ТҮМЕКЕНТТЕ АС БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түймекент ауылында жамағаттың ұйымдастыруымен көпшілікке арналып ас берілді. Игі шараға ауыл тұрғындары, ақсақалдар мен жастар қатысып, бір дастархан басында бас қосып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.

Ас барысында ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы жиналған көпшілікке насихат айтып, мешіт салудың сауабы мен қоғамдағы рухани орда ретіндегі маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде Алла үйін тұрғызу – сауапты амалдардың бірі екенін атап өтіп, жамағатты осындай игі істерге атсалысуға шақырды. Шара соңында Құран бағышталып, елдің тыныштығы мен берекесі үшін дұға етілді. Бұл игі басқосу ауыл тұрғындарының ынтымағын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: