БАЙЗАҚ: ҚОСАҚ АУЫЛЫНЫҢ ХАЛҚЫ БЕЙІТ БАСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖАСАДЫ

БАЙЗАҚ: ҚОСАҚ АУЫЛЫНЫҢ ХАЛҚЫ БЕЙІТ БАСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖАСАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қосақ ауылында жергілікті тұрғындардың ұйымдастыруымен ауыл бейітінің басында  кең көлемді тазалық жұмыстары өтті. Игі шараға ауыл ақсақалдары, жастар және жамағат өкілдері қатысып, бейіт аумағын қоқыстан тазартып, шөптерді орып, қоршау маңын ретке келтірді.

Сенбілік барысында ауыл имамы зират әдебі, өткендерге құрмет көрсету және тазалықтың исламдағы маңызы жайында насихат айтып, мұндай игі істердің қоғам тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, жамағатты әрдайым тазалыққа мән беруге шақырды.

Аталған шара ауыл тұрғындарының бірлігі мен ауызбіршілігін айқындап, сауапты іске жұмылған көпшіліктің ынтымағын көрсетті. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: