Жұма күні Әбдімәжіт мешіті жамағатына тағылымды насихат айтылды. Жиында Естай мешіті имамы Халбаев Мұхтар Мэльсұлы «Ынтымақ – бірліктің бастауы» тақырыбында уағыз жүргізді.
Насихат барысында имам мұсылман қауымының берекесі мен татулығы бірлікке байланысты екенін атап өтті. Ол адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, ауызбіршілікті сақтауы қоғам тыныштығының негізі екенін жеткізді. Сондай-ақ ата-бабамыздан аманат болған ынтымақ пен сыйластықты сақтау әрбір азаматтың міндеті екеніне тоқталды.
Жұма насихаты соңында жамағат елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы үшін дұға жасап, айтылған тағылымды сөздер көпшілікке ой салды.



13 Мамыр 2026
26 Зуль-каада 1447

