БАЙЗАҚ: QAMQOR-SHARAPAT ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОСАҚ ЗИРАТЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

БАЙЗАҚ: QAMQOR-SHARAPAT ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОСАҚ ЗИРАТЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «QAMQOR-SHARAPAT» жобасы аясында Қосақ ауылындағы зират аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Игі шараға аудан имамы Қанат Әділханұлы бастаған жамағат, ерікті жастар және жергілікті тұрғындар белсене қатысып, зират аумағын қоқыстан тазалап, шөптерді орып, қоршау маңын ретке келтірді.

Сенбіліктің басты мақсаты – мұсылман зираттарының тазалығын сақтау, өткендерге құрмет көрсету және қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Шара барысында имам жамағатқа зират әдебі мен тазалықтың маңызы жайында қысқаша насихат айтып, бұл игі істің сауапты амал екеніне тоқталды.

Аталған бастама – қоғамда ізгілік пен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: