БАЙЗАҚ: ҚМДБ САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ АУЫЛ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

БАЙЗАҚ: ҚМДБ САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ АУЫЛ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ аудандық кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сарапшылар кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Талғат Жәрдемқұлұлы Жақиянов ауыл имамдарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, әсіресе «Жат ағым – жарға жығады» тақырыбы төңірегінде маңызды ойлар айтылды. Спикер қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, жастарды теріс діни идеологиялардан қорғау және дәстүрлі құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Жиын барысында имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты. Сонымен қатар, ел бірлігі мен рухани қауіпсіздікті нығайту жолында бірлескен жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігі айтылды.Аталған кездесу – дін саласындағы мамандардың біліктілігін арттырып, қоғамдағы діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған маңызды басқосу болды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: