Байзақ аудандық кітапханасында ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы ауыл имам-молдаларымен кезекті жұмыс жиынын өткізді. Басқосуға өңірдегі мешіт қызметкерлері қатысып, діни қызметтің өзекті бағыттары мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.
Жиналыс барысында жамағатпен жұмыс жүргізу, діни сауаттылықты арттыру, жастар тәрбиесі, жат ағымдардың алдын алу және ҚМДБ бекіткен бағыттар аясындағы тапсырмаларды жүйелі жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Аудан бас имамы имамдардың қоғам алдындағы жауапкершілігіне тоқталып, бірлік пен ауызбіршілікті нығайту жолында белсенді қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар, мешіттердің ішкі тәртібі, құжат айналымы, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және ақпараттық жұмыстарды жандандыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Жиын соңында алдағы жұмыстар пысықталып, ортақ міндеттер айқындалды. Мұндай кездесулер діни қызмет сапасын арттырып, өңірдегі рухани тұрақтылықты нығайтуға өз үлесін қосады.



13 Мамыр 2026
26 Зуль-каада 1447

