ӘЛ-ӘДІЛ МЕШІТІ ШӘКІРТТЕРІНЕ ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ДЕМАЛЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ӘЛ-ӘДІЛ МЕШІТІ ШӘКІРТТЕРІНЕ ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ДЕМАЛЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әл-Әділ мешітінің шәкірттері табиғат аясында мазмұнды әрі әсерлі демалыс өткізді. Таза ауада ұйымдастырылған бұл шара шәкірттердің өзара қарым-қатынасын нығайтып, рухани әрі физикалық серпіліс сыйлады.

Демалыс барысында түрлі спорттық және танымдық ойындар ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор пайдалы әңгімелер айтылды. Шәкірттер табиғаттың әсемдігін тамашалап, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті.

Сонымен қатар шара барысында ауызбіршілік, сыйластық және жауапкершілік жайында насихаттар айтылып, жастардың рухани дамуына ерекше көңіл бөлінді.

Осындай тағылымды бастамалар жас ұрпақтың тәрбиесіне оң әсерін тигізіп, олардың бойында бірлік, достық және жанашырлық қасиеттерін қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: