ӘЛ-ӘДІЛ МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ӘЛ-ӘДІЛ МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әл-Әділ мешітінде шәкірттердің ұйымдастыруымен жүрекке жылу сыйлаған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу болды.

Жәрмеңкеге мешіт шәкірттері белсене қатысып, өз қолдарымен дайындаған түрлі тағамдар мен ұлттық нақыштағы бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Келушілер де игі бастамаға қолдау білдіріп, шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.

Қайырымдылық жәрмеңкесі барысында мешіт ауласында ерекше жылы әрі әсерлі атмосфера қалыптасып, жиналған қауым ізгілік пен бірліктің жарқын үлгісіне куә болды.

Мұндай тағылымды шаралар қоғамдағы жанашырлық пен өзара қолдауды нығайтып қана қоймай, жастардың қайырымдылыққа деген көзқарасын қалыптастырып, олардың бойындағы адамгершілік қасиеттердің артуына үлкен ықпал етеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: