Бірлік ауылының оңтүстік-батысындағы қабірстанның қоршауы толықтай жаңартылды. Бұл игі іске ең алдымен сол қабірстанда жатқан марқұмдардың ұрпақтары мұрындық болды.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мен қазақ бауырларымыздың ауызбіршілігі мен қолдауының арқасында жұмыс сәтті аяқталды.
Жаңартылған қоршау – өткенге деген құрметтің, ұрпақтар сабақтастығының және ел бірлігінің жарқын көрінісі.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


13 Мамыр 2026
26 Зуль-каада 1447

