Қордай: «Сортөбе» мешітінде жұма намазы және уағыз-насихат өткізілді

Қордай: «Сортөбе» мешітінде жұма намазы және уағыз-насихат өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде қоршаған ортаға жанашырлық танытудың үлкен сауап екенін атап өткен. Соның бірі: «Жолдағы зиянды нәрсені алып тастау – садақа», – деген тағылымды сөзі. Бұл хадис әрбір мұсылманды айналасына бейжай қарамай, тазалық пен жауапкершілікке үндейді.

Қоршаған ортаны таза ұстау – адам өмірінің сапасын арттыратын маңызды ізгі амалдардың бірі. Табиғаттың тепе-теңдігі сақталған жағдайда ғана қоғамда береке мен тыныштық орнайды. Ал ластау, ысырапшылдық пен немқұрайлылық табиғи үйлесімді бұзып, тіршілікке кері әсерін тигізеді. Сондықтан әрбір адам қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, оны қорғауды күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруы тиіс. Осы бағытта Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Сортөбе» мешітінде аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Әнебеков жамағатқа «Тазалық, табиғат және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында ауыспалы жұма уағызын өткізді.

Насихат барысында жамағатқа тазалықтың маңызы түсіндіріліп, айтылған өсиеттерді өмірде жүзеге асыру қажеттігі еске салынды. Алла Тағала баршамызды жаратылысына жанашырлық танытатын, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарайтын үмбеттен етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: