Қордай: Аудандық «Қордай» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Қордай: Аудандық «Қордай» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні – мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін асыл дін. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадис-шарифінде: «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар», – деп үмбетіне өсиет қалдырған.

Халқымыз да: «Өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла, өз пайдаң соның ішінде», – деп, ізгілік пен жанашырлықты жоғары бағалаған. Шынында, қайырымдылық – сауабы мол, қоғамды біріктіретін игі амалдардың бірі. Алла Тағала Қасиетті Құранның Әли-Ғимран сүресі аятында: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, шынайы жақсылыққа жете алмайсыңдар», – деп баяндайды. Осы орайда, Қордай аудандық «Қордай» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Жомарт жандардың қолдауымен ірі қара малы сойылып, мұқтаж отбасыларға үлестірілді. Ізгі амалға ұйытқы болған барша азаматтарға Алланың рақымы мен берекесі жаусын. Елімізде қайырымды, жомарт жандардың қатары көбейе берсін. Алла Тағала жасаған игі істерімізді қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: