Тазалық – тәрбиенің айнасы. Мұсылман адам тек мешітте ғана емес, өмірінің барлық кезеңінде тазалықты сақтауы тиіс. Қоғамдағы қоқыс пен ластық – тек санитарлық мәселе емес, ол рухани деңгейдің де көрінісі. Сондықтан әрбір адам қоғамдық орындарды ластамай, өзінен кейін жақсы із қалдыруды ұмытпауы қажет. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Нағыз мұсылман – өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам», – деп, көркем мінез бен жауапкершіліктің маңызын атап өткен.
Осыған орай, Қордай ауданы орталығындағы аудандық «Қордай» мешітінде бас имамның бастамасымен жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында әжетхана қызметі ретке келтіріліп, тазалық жұмыстары жүргізілді. Алла Тағала баршамызды ұқыптылыққа, тазалыққа және ысыраптан аулақ болуға тәрбиелей көр. Саналы да салиқалы мұсылман болуды нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



13 Мамыр 2026
26 Зуль-каада 1447

