Қордай: Жаңатұрмыс ауылында зират басында тазалық жұмыстары жүргізілді

Қордай: Жаңатұрмыс ауылында зират басында тазалық жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата-бабаларымыз қабірді «бейіт», «зират», «көр» секілді түрлі атаулармен атаған. Бұл атаулардың әрқайсысы терең мағынаға ие. Мәселен, «бейіт» – «мәңгілік мекен» дегенді білдірсе, «зират» – «ақыретті еске алу үшін арнайы бару», ал «көр» – «адамға ғибрат алу үшін еске салатын орын» деген ұғымдарды қамтиды.

Хакім Абай Құнанбайұлы: «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма, Біреуге ерте, біреуге кеш болмай ма», – деп, адам баласын ақыретті еске алуға үндесе, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Жан кетіп, тән барады қара жерге, Кіреміз бір күн барып тар қабірге», – деп, ұрпағын өткінші өмірдің мәнін ұғынуға шақырған. Осы тағылымды ұстанымдарды негізге ала отырып, Қордай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылында зират басында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Шара Жаңатұрмыс мешітінің имамы Нұртуған Умирзаховтың бастамасымен жүзеге асып, ауыл тұрғындары белсенді түрде атсалысты. Жиналған жамағат қабірлерді ретке келтіріп, зиярат жасап, Құран аяттарын оқып, дұға бағыштады. Алла Тағала ұрпағымызды салиқалы етіп, Өзінің разылығына лайық өмір сүруді, игі амал жасауды және иманмен дүниеден өтуді нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: